Жаңалықтар

Алматы көшесінде ер адам 2 жасар бүлдіршіннің көзінше бейәдеп әрекет жасаған

Қыз баланың анасы желіде жазба жариялап, сұмдық оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әйелдің айтуынша, оқиға 21 қараша күні Алматының адам көп жүретін Арбатында болған.

Келіншек балаларымен бірге көше музыканттарын тыңдап тұрған кезде белгісіз ер адамның өзінің жыныс мүшесін ұстап, бейәдеп әрекет жасап тұрғанын байқаған.

Баланың анасы жергілікті полиция қызметкерлерін 40 минут күткенін атап өтті.

Ол ер адамның заң бойынша толық көлемде жазалануын талап ететінін де айтты.

«Мұндай адамдар балаларды бұзады және бүлдіршіндер өмір бойы психикалық зардап алуы мүмкін», — деп атап өтті жәбірленушінің анасы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button