ЖаңалықтарШоу бизнес

«Отанымды жеме»: Мөлдір Мұқанованың туындысының төңірегінде дау туды

Журналист Кәмшат Тасболат Құралай ханым есімді атпен танымал блогердің жазбасына сын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, фильмге адам тарту үшін нешетүрлі манипуляция жасалып жатыр.

«Анау Құралай ханымның «қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3000 теңгеге зарламай, барып қолдаңдар Мөлдірді» деген сөзіне құқықтық баға беріле ме? Заң аясында шара қолданыла ма? Отан деген қастерлі ұғымды қорлап, әдетте боқтанғанда айтылатын сөздің орнына қолдану құқықтық, этикалық тұрғыдан дұрыс па?» — дейді журналист.

Журналист қоғам белсенділері фильмге бойкот жариялап жатқанын да айтып кетті.

Кәмшат Тасболат блогердің сөзіне құқықтық баға беріліп, «Отан» сөзін қорлағаны үшін әкімшілік құқық-бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл төлеп, ресми кешірім сұрауы керек деп отыр.

«Кино түсіре алмайсыңдар ма, халықты қорлап, мал сияқты кинозалға манипуляциямен айдап апарамыз деп ойламаңдар», — деп түйіндеді өз сөзін журналист.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button