Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСаясат

Қазақстан TRIPP деп аталатын жобаға неге қызығып отыр?

Қазақстан TRIPP деп аталатын халықаралық бастаманың жұмысына қосылуға ниет білдіріп отыр.
Бұл жоба әлем мемлекеттері арасындағы татулықты нығайтуға, ортақ даму және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Яғни, Қазақстан өзге елдермен серіктестікті күшейтіп, бейбіт өркендеу жолына үлес қосуғадайын екенін білдірді, деп жазады qandastar.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президенттің сөзінше, Оңтүстік Кавказдағы қалыптасып жатқан жаңа геосаяси жағдай Қазақстан мен Армения арасындағы байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді. Ол Қазақстанның Армения ұсынған «Бейбітшілік қиылысы» көлік-транзит жобасын қолдайтынын, сондай-ақ елдің «TRIPP халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы» атты бастамаға қатысуға мүдделі екенін жеткізді. Тоқаевтың айтуынша, бұл стратегиялық бағыттарды Транскаспий дәлізі және Солтүстік–Оңтүстік көлік арнасы арқылы біріктіру екі мемлекет үшін де тиімді болмақ.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан бидайының Арменияға бірінші рет тікелей жеткізілгенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Әзербайжан өзінің аумағы арқылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар тасымалына қойылған шектеулерді алып тастап, жаңа мүмкіндіктер ашқан. Соның нәтижесінде биыл қараша айында Арменияға Қазақстаннан алғашқы 1 мың тонна бидай жөнелтілді. Тоқаев бұл қадамның экономикалық қана емес, саяси тұрғыдан да маңызы зор екенін айтты. Қазақстан Арменияға сапалы астық және басқа да өнімдерді тұрақты түрде жеткізуге әзір.

Сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу және әуе жүк тасымалын жолға қою қажетті міндеттердің бірі екені де атап өтілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button