Қызылордада туберкулезбен ауыратын науқастармен тікелей жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлері – санитарлар мен медбикелер – зейнетке ерте шығу талаптарының жеңілдетілмеуіне қатысты шағымданды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Олардың айтуынша, жоғары қауіп пен ауыр жағдайдағы көпжылдық еңбектеріне қарамастан, әлеуметтік қолдау деңгейі әлі де жеткіліксіз.
Медицина қызметкерлері күн сайын жұқпалы ауру қаупімен бетпе-бет келеді. Соған қарамастан, олардың жұмысы «аса қауіпті аймақ» ретінде бағаланбай, тиісті жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер қарастырылмаған.
Қызметкерлер бірнеше рет тиісті органдарға жүгінгенімен, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған. Жергілікті билік тарапынан да нақты реакция немесе түсініктеме болмағаны қызметкерлердің ашу-ызасын үдетіп отыр.
Медицина мамандары әділдік орнап, қауіпті жағдайдағы еңбектері лайықты бағалануы тиіс деп санайды.
