Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында өзінің жеке өміріне байланысты сауалдарға бүкпесіз жауап берді, деп жазады qandastar.kz.
Ол сұхбат барысында әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен дүниеге келген балалары бүгінде ата-анасының қолында өсіп жатқанын айтты.
«Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол кебепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ», — деді актер.
Дәурен Айдарқұловтың бұл сұхбатынан кейін оқырмандар актерді кінәлап түрлі пікір жазды.
«Балаларды тірі жетім етіп»,
«Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты»,
«Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де»,
«Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға», — деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
@talk_like #amantasygan #рекомендации #talk_like #rek ♬ оригинальный звук — AMAN TASYGAN LIVE



