Екі жас жігіт Алматыдан Қоянқұс ауылына «Яндекс» такси шақырған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жолда олар жүргізушіні алдап, басқа жаққа бұрылуға мәжбүрлеген. Кейін артынан мойнына жіп байлап, қылғындыра бастаған.
Такси жүргізушісі есінен танып қалған. Ал өзіне келген кезде жолаушылар да, жалға алынған Hyundai Elantra көлігі де жоқ болды.
«Осындай оқиға жақында Қарағандыда болды. Онда да такси жүргізушісін тұншықтырып, көлігі ұрланған», — деді жәбірленушінің әріптестері.
Такси компанияларының чаттары жүргізушілерге абай болуды ескертеді.



