БілімЖаңалықтар

«Анам ауырып қалды»: Мұғалімнің қызы ата-аналардың бетімен кеткенін айтып, жылады

Желіде мұғалімнің қызы ата-аналарға арнап түсірген видео үндеуі тарады. Оның айтуынша, егде жастағы мұғалім анасы ата-аналар тарапынан көрсетілген шамадан тыс қысымның салдарынан қатты күйзеліске түсіп, қан қысымы көтерілген. «Мұғалімдер де адам» деген келіншек мұндай жағдайға енді шыдай алмайтынын ашық айтты, деп жазады qandastar.kz

Өз үндеуінде ол барлық ата-аналарды педагогтарға адамгершілікпен қарауға шақырды.

«Мұғалімдер де уайымдайды, шаршайды және бар күшін білім беруге жұмсайды. Сондықтан олардан талап етілетіні – тек негізгі құрмет пен қалыпты қарым-қатынас. Бұл – кез келген мектепте болуы тиіс ең төменгі шарттар», – деп атап өтті ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button