Шоу бизнес

«Тіпті ауласын тазалайтын адам да жоқ»: халық Мақпал Жүнісоваға жаны ашыды (ВИДЕО)

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп жазады qandastar.kz.

Әнші Instagram парақшасына ауладағы жапырақтарды өзі сыпырып жүрген видеосын жүктеген. Ол бұған дейін үй артындағы сарғайған жапырақтарды әдейі жинамай, балконнан тамашалап жүргенін айтты.

«Өткенде үйдің артындағы жапырақтарды жинай қоймадым, балконнан қарағанда сап-сары болып жатсын дедім. Күздің соңында жапырақтармен қимай-қимай қоштасып тұрмын», – деп жазды ол.

Мақпал Жүнісова сонымен қатар ауласын тазалайтын адам жоқ екенін, есік алдындағы тазалықты өзі жасайтынын айтты.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды:

«Қозғалыс – өмір», «Мақпал ханым, күш-қуат берсін», «Денсаулыққа пайдалы екен» деген сынды түрлі пікірлер қалдырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button