Жаңалықтар

Қазақстанда мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін: депутаттар жаңа механизм ұсынды

Қазақстанда азаматтық-құқықтық келісімшартпен (АҚК) жұмыс істеуге тыйым салу жоспары талқыланып жатыр. Парламент депутаттары еңбек заңнамасына өзгеріс енгізуді ұсынып, бұл бастама қабылданса, елде мыңдаған фрилансер мен уақытша жұмыс істейтін азаматтардың жұмыссыз қалуы мүмкін деген алаңдаушылық туындады, деп жазады qandastar.kz .

Ұсынылған түзетулерге сәйкес, қазір АҚК арқылы қызмет көрсететін адамдар штаттағы қызметкерлер сияқты еңбек тәртібімен жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін. Ал жұмыс берушілерге қосымша әлеуметтік төлемдер мен салық жүктемесі жүктеледі.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім еңбек нарығына елеулі әсер етуі ықтимал.

АҚАА адвокаты, Салық кеңесшілері палатасының кеңесшісі Ұлан Бәтенов АҚК-ны мүлдем алып тастау «жасырын жұмыссыздықтың көбеюіне» және «көлеңкелі экономиканың өсуіне» әкелуі мүмкін екенін айтады.

Ал заңгер Сайкен Айсин бұл өзгеріс фрилансерлердің құқықтық мәртебесін реттеуді көздесе де, көптеген жұмыс берушілер қосымша шығыннан қашып, келісімшартсыз жұмыс істеуге көшуі мүмкін екенін атап өтті.

Back to top button