Атырау қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа үйлердің сапасына қатысты шағымын видео арқылы жеткізді. Оның айтуынша, Береке шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлердің қабырғалары жарылып, қасбеті құлауға шақ қалған, деп жазады qandastar.kz
Аталған көпқабатты үйлер 2020 жылы пайдалануға берілген.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жағдайға байланысты сарапшылардың қатысуымен техникалық тексеру жүргізу жоспарланып отыр. «Мәселе қалалық әкімдіктің ерекше бақылауында», – деп хабарлады мекеме.



