
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы психолог Құралай ханымды қатаң сынға алды, деп жазады qandastar.kz
«Жуырда Беделхан осындай адамдар жайлы “құтырған қатындар” деген еді. Көпшілігі оның сөзінің астарын түсінбей, жерден алып, жерге салды.
Ал мына кісінің айтып жүрген сандырағын тыңдап жүрген әйелдерге таңым бар: сендерде намыс деген бар ма өзі? Бүгін ол “Отанымды же” дейді, ертең “басқасын же” десе де, үндемей отыра бересіңдер ме?! Соның бәрінің салдары ақырында қарапайым халыққа тиеді.
«Түкке тұрмайтын фильмдеріне бармадыңдар деп Халыққа ұрсып жүрген кім еді өзі? Өмір сүріп жүргендері халыққа міндет пе? Мысалы, мен сайқымазақтардың бірде-бір фильміне барған емеспін – әрі қарай да бармаймын!
Тредстағы жастар қазір Тұрсынбектің бұрынғы жұбайының фильміне бойкот жариялап, ал өзіне “ханым” деген мәртебе тағып алған мына психологқа cancel жасап жатыр. Әлемде қаншама ұлт Отанына зар болып жүр, ал бұлар “Отанымды жеме” деп мас болып отырып айтады.
Бұл “ханым” кезінде депутат болуға да талпынып еді (праймериз). Он жыл бойы жасырып келген бетпердесін кеше өзі-ақ шешіп берді», – деп жазды журналист.



