Жаңалықтар

Есту қабілеті жоқ жүргізушіні алдаған жолаушы іздестіріліп жатыр

Threads әлеуметтік желісінде есту қабілеті нашар такси жүргізушісі Саматтың басынан өткен оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды, деп жазады qandastar.kz.

Көкшетаудан Астанаға жеткізілген жолаушы жолақыны «әпкем аударады» деп айтып, жүргізушіні күткізіп қойған. Ақша түспеген сәтте ол мүмкіндікті пайдаланып, жай ғана қашып кеткен.

Жазба авторы Саматтың отбасына жақын адам екенін айтып, осындай жағдайлардың есту қабілеті шектеулі жүргізушілерге жиі жасалатынын, олардың осал тұсын пайдаланатындар бар екенін жеткізді.

Видео немесе суреттегі жолаушыны танитындардан хабар беру өтініледі. Самат қайырымдылықтан бас тартып, тек адал еңбегінің ақысын қайтаруды сұрап отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button