Танымал блогер Айжан Байзакова күйеуіне жасаған ерекше сыйлығын көрсететін видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Ол жолдасының туған күніне қымбат бағалы Rolex сағатын сыйлаған.
Желі қолданушылары арасында дәл Айжан таңдаған сағаттың құны 25 миллион теңге деген ақпарат тараған.
Алайда пікірлерде кейбіреулер мұндай сағаттың бағасы сонша қымбат болмайтынын айтса, басқалары керісінше, әйел адамның күйеуіне өте қымбат сыйлық жасауы орынсыз деп пікір білдірді.
«2,5 млн шығар, 25 млн емес»,
«Rolex өте қымбат тұрады»,
«Сағатты айырылысқанда сыйлайды емес пе?»,
«Сағат сыйлағанда сатып алу керек, әйтпесе қабылдамайды»,
«Күйеуіне сонша қымбат сыйлық алғаны несі?», — деп жазды желі қолданушылары.
@madlen_brand



