Ресейдің танымал пропандист әншісі Тимати, шын аты — Тимур Юнусов, 27 қараша күні ақыры концерт беретін болды, деп жазады qandastar.kz.
Оның Қазақстанда өнер көрсетуіне әлеуметтік желілерде халық жаппай қарсылық білдірген еді. Соған қарамастан, концерт жоспар бойынша өтетін болды.
Концертке бір күн қалғанда ол Instagram парақшасына қазақтың бөрігі мен шапанын киіп түскен видеосын жариялап, қазақстандықтарға сәлем жолдады.
Бұл видео TikTok-та тез таралып, пікірлерде халық «мұны кім тыңдайды өзі?», «бойкот әсер етпеген бе?», «қымбат шапан сыйлапты, мұнымен бітпеген бе?», «неге отмена жасалмаған?» деп наразылық білдірді.
Тимати «пропагандист» ретінде танымал. Ол Путиннің қолынан медаль алып, Украиндағы соғысты қолдаған.
@puchkov77 Тимати уже в Алматы!



