ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Антифрод жүйесі: бір уақытта бірнеше банктен несие алу мүмкін болмайды

Кредиттік бюролар енді Антифрод орталығының құрамына еніп, бір сағаттың ішінде екі немесе одан да көп банкке жолданған несие өтінімдері жөніндегі деректерді ұсынуға міндеттелмек, деп жазады qandastar.kz

Бұл норма Мәжіліс кеше мақұлдаған «Банк туралы» заң жобасында қарастырылған. Жиналған ақпарат ықтимал алаяқтық әрекеттерін анықтау мақсатында пайдаланылады. Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба беру және алғашқы биометриялық тіркеу азаматтың жеке келуі арқылы ғана жүзеге асатын болады.

Жұмыс тобы көтерген бастамаға Мәжіліс депутаттары қолдау білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін де Мәжілісте талқыланған бұл заң жобасы қоғамда кең талқы тудырған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымованың айтуынша, құжаттың басты жаңалығы – активтердің жаңа түрі ретінде цифрлық қаржы активтерін реттеу тетігін енгізу және олардың Қазақстан аумағында айналымына мүмкіндік беру.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button