Жаңалықтар

Тандыр пісіру қатерлі ісіктің алдын алатынын айтқан әкім сөз естіді

Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев әйелдердің тандырда нан пісіруі қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі деген мәлімдеме жасап, желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп жазады qandastar.kz.

Әкімнің бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік оны ғылыми негізсіз әрі орынсыз деп сынға алды.

Белгілі болғандай, Мирзаев бұған дейін де түрлі әрекеттері мен даулы пікірлері үшін жұрт назарында болған. Бұл жолғы мәлімдеме де қоғамда кең резонанс тудырып, шенеуніктің кәсіби жауапкершілігі мен сөзінің салмағы туралы пікірталастарды күшейтті.

Желі қолданушылары мен сарапшылар мемлекеттік лауазымды тұлғалар халыққа тек дәлелді, ғылыми ақпарат таратуы тиіс екенін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button