Көпшілікке Kalifarnia лақап атымен танымал, әнші Фархат Қалиев, Нұрболат Абдуллинмен бірге «Жоқ, жаным» әнін дуэтпен орындаған сәтінің әлеуметтік желілерде видеосы тарады, деп жазады qandastar.kz.
Видео барысында екі өнерпаз да сахнада жанды дауыспен ән орындаған. Алайда желі қолданушылары Kalifarnia – ның дауысын қызу талқыға салып, оны қатты сынға алды.
«Таза дауыспен орындаса, талай әнші кетеді -ау»,
«Ой, концерттің быт-шытын шығарды ғой»,
«Мына адамның қалай әнші болып жүргеніне таңғаламын»,
«Шұңқыр-яма видеолардан көріне бер, California, брат»,
«Ритм қайда? Не боп тұр өзі?», — деп жазды пікірлерде.



