Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Талғар проблемалы аудан ба? Әкім күтпеген деректерді жариялады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев брифинг барысында Талғар ауданы көп жағдайда ең проблемалы өңір ретінде көрсетілетінін, алайда бұл шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Оның айтуынша, ауданда қылмыс деңгейі 18 пайызға төмендеген, ал шағым саны бойынша Талғар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарынан кейін үшінші орында тұр.

Әкімнің сөзінше, тұрғындар арасында қалыптасқан жағымсыз пікір бірнеше резонансты оқиғалардың әлеуметтік желіде кең таралуынан пайда болған.

«Талғар Алматының жанында орналасқан, халқы өте тығыз. Мүмкін, осы фактор оны ең проблемалы аудан ретінде көрсеткен шығар. Біз адамдардың келіп, өз көзімен көргенін қалаймыз. Талғар ауданы өте қарқынды дамып жатыр», – деді Сұлтанғазиев.

Сонымен бірге Талғар ауданы жиі резонансты оқиғалармен байланыстырылады. Солардың ең танымалдарының бірі – Шерзат Полаттың өлімі. Биыл қыркүйекте мұнда бала ұрлау фактісі тіркелген, ал 10 қарашада мас күйдегі ер адам өзінің 15 жастағы қызын өлтірген оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button