Жаңалықтар

Жалғас Ертай: Қазақша сөйлегендерді білімсіз деу – советтен қалған стереотип

Фейсбук қолданушысы Жалғас Ертай қазақша сөйлеуді талап ететін азаматтарға бағытталған кемсітуші пікірлердің түп-тамыры туралы жазба жариялады,  деп хабарлайды qandastar.kz . Оның айтуынша, «қазақша сөйле» дейтіндерді «сауатсыз», «мәдениетсіз», «бәсекеге қабілетсіз» деп сипаттау – қоғамда бұрыннан қалыптасқан стереотиптердің жалғасы. Ертай бұл құбылыстың тарихи негізіне тоқталды.

«Қазақша сөйле дейтіндерді білімсіз, мәдениеті төмен санау – стереотип. Тамыры совет кезінен қалыптасқан. Совет кезінде орыс тілі билік тілі болды, ал қазақ тілі тұрмыстық деңгейде қалды. Бұл тіл иерархиясы әлі күнге дейін жалғасып келеді», – деді ол.

Автордың пікірінше, қазақ тілін талап ететіндерді кемсіту – эмоцияға негізделген емес, статус-квоны сақтап қалуға бағытталған әрекет.

«Стигма – өз статусын сақтап қалу құралы. Қазақша талап ететіндерді кемсіту арқылы орыс тілінің қазіргі жағдайын жоғалтқысы келмейді. Стигма деген – басқаларды төмен санау арқылы өзінің статусын бекіту әрекеті,» – дейді ол.

Жалғас Ертай қазақ тілі күшейген сайын бұрынғы тілдік иерархияның шайқалып жатқанын, ал оған қарсы тараптың кемсіту тактикасы – осы өзгерістерге қарсылық екенін атап өтті. Сонымен бірге ол қоғамдағы шынайы жағдайдың мүлде басқа екенін айтады.

«Қазір биліктің толық мемлекеттік тілге көшуін талап ететіндер маргинал топ емес, көпшілік. Ол көпшілік өзін білімсіз, мәдениетсіз деп кемсітуге жол бермейді», – дейді ол.

Автор қазіргі статус-квоның ешкімді қанағаттандырмайтынын, қоғамның мемлекеттік тілді толық енгізуді талап етіп отырғанын баса айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button