
Бүгін Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2025 жылдың соңғы шешімін қабылдады, деп жазады qandastar.kz
Базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалды. Бұл шешім елдің экономикалық жағдайы мен инфляция деңгейі, сондай-ақ әлемдік нарықтағы өзгерістерді ескере отырып қабылданатын маңызды қадам болады.
Базалық мөлшерлеме көп болған сайын банктегі несие ставкасы да жоғары болады. Ал ол азайғанда кредиттің артық төлемі біршама төмендейді.
Соңғы рет мөлшерлеме 10 қазанда өзгерді, ол кезде көрсеткіш 16,5%-дан 18%-ға көтерілген болатын. Ұлттық банк басшысы бұл қадамның мақсаты «тұтынушылық мінез-құлықтан жинақтауға бағытталған модельге көшуге ынталандыру» екенін атап өтті.
Базалық мөлшерлеме – елдегі барлық пайыздық көрсеткіштерге басты бағдар. Ол Ұлттық банктен ақша қарызға алудың құнын білдіреді. Мөлшерлеменің өсуі несиелердің қымбаттауына, ал депозиттердің тиімдірек болуына әкеледі.



