Жаңалықтар

156 миллион теңгенің ұрлығын жасаған қазақстандық әйел Стамбұлда ұсталды

Түркияның Стамбұл қаласында бірнеше жыл бойы жасырынып жүрген, зергерлік дүкендегі ірі көлемдегі ұрлыққа күдікті қазақстандық әйел ұсталды, деп жазады qandastar.kz POLISIA.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істеген әйел жалпы құны 156 миллион теңгеден асатын әшекей бұйымдарын жасырын түрде ұрлап, кейін қашып кеткен.

Ол халықаралық іздеуге жарияланып, бірнеше жыл бойы жасырынып келген болатын.

Алайда, жақында Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша күдікті Стамбұлда ұсталды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі («Ұрлық») бойынша айыпталуда.

27 қарашада Түркия құқық қорғау органдарының көмегімен 33 жастағы қазақстандық азаматша елге экстрадицияланып, қамауға алынды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button