Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСаясат

Қарин «кэнсел мәдениетін» құптай ма?

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «кэнсел мәдениетінің» (culture of cancel) азаматтық белсенділікпен көлегейленіп,   қысым мен айыптаудың құралына айналып бара жатқанын айтты, деп жазады qandastar.kz

«Эмоцияның ықпалымен адамдар бойкот жариялауды қолдап, жағдайдың мәнін түсінбей жатады. Нәтижесінде агрессия мен психологиялық қысым атмосферасы қалыптасады. Бейтараптықпен жасалмаған әділетсіздікпен күрес одан да үлкен әділетсіздікке әкеп соғуы мүмкін», – деп атап өтті Қарин.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы дискриминациялық белгілерге – этникалық, діни, тілдік, гендерлік және басқа сипаттарға  негізделген бойкот жариялауға жауапкершілік енгізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button