ЖаңалықтарШоу бизнес

Желі қолданушылары блогерді қатын әңгімеге жақын деп сөкті

Белгілі әзілкеш әрі блогер Елдос Колобок көп жыл күткен қуанышын бөлісіп, ұзақ үзілістен кейін алғаш рет жұртшылық алдына шықты. Ол журналист Аман Тасығанмен сұхбат барысында әке болудан кейінгі жаңа өмірі мен сезімдері жайлы айтты, деп жазады qandastar.kz

Елдостың айтуынша, жақын таныстарының кейбір әрекеті оны таңғалдырған.

«Әзілдеп жүріп, достарыма «көрімдікті доллармен аламын» деп айтушы едім. Олар да соны ойын ретінде қабылдап, 100–200 доллардан әкеліп жатыр. Ал «әке болсаң, көлік пен пәтер бізден» деп қалжыңдайтын ағалар болды, бірақ солардың біразы тіпті құттықтамады. Мүмкін, арнайы солай жасаған болар. WhatsApp-та оқылмаған хабарламаларым бар, ішінде сол кісілер де жүрген шығар. Есесіне күтпеген адамдар хабарласып, шын жүректен тілегін жеткізгенде жүрек жылып қалады екен», – деді ол.

Алайда блогердің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында екіұдай пікір тудырды. Желіде «Құттықтау күтудің қажеті жоқ», «Әңгімең қатындардікіне ұқсайды» деген секілді сыни пікірлер жиі жазылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button