Жұмыспен қамту

Қандастарға төлемдер қандай жағдайда төленбеуі мүмкін?

Оралман қандай ережелерді сақтауы тиіс және төлемдер қандай жағдайда төленбеуі мүмкін? Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу басымдылығын мынадай реттегі этникалық қазақтар қолданады:

белгілі бір мамандық бойынша тиісті білімі, біліктілігі және тәжірибесі барлар;

көпбалалы отбасылар;

жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігі бар, кәмелетке толған жастар.

Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар болуы қажет?

Оралмандар деп танылған тұлғаларға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есептілік құжаты болып табылады және Көші-қон туралы заңмен көзделген жеңілдіктер және өтемақыларды алу үшін негіз болып табылады. Оралман мәртебесін тағайындау туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке немесе өкілі (сенімхат бойынша) әкімдікке береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: өмірбаян (еркін нысанда); өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, паспорттың, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері.

ҚР аумағына келген және оларды оралман деп тану туралы өтініш берген тұлғалар: жолдама алғаннан кейін үш күн ішінде уақытша орналастыру орталығына кетуге; тұрғылықты орны туралы тиісті аумақтық миграция қызметтерін хабардар етуге және ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге; уақытша орналастыру орталығында тұрудың белгіленген тәртібін сақтауға; медициналық тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға; өтінішті қарастыруға қажетті мәліметтерді тиісті көші-қон қызметтеріне хабарлауға міндетті.

Көші-қон туралы Заңның 23-бабына сәйкес оралмандар қалған шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғаларға қарағанда ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ҚР болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсыну қажеттілігінен босатылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close