Жаңалықтар

Петропавлда әйел 12-қабаттан құлап қаза тапты

Петропавлда тұрғын үйдің 12-қабатынан белгісіз әйел құлап, көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz 7152.kz сілтеме жасап.

Оқиға 28 қарашада Горький көшесі, 12 мекенжайындағы көпқабатты үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған әйелдің жасы шамамен 35–40-та.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі оның алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болғанын растады.

Қазіргі уақытта оның құлауына не себеп болғаны белгісіз. Бұл жазатайым жағдай ма, әлде өзге мән-жайлар бар ма — мұның барлығын тергеу анықтайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button