
Санкт-Петербургте 13 жастағы бесінші сынып оқушысы анасына қол жұмсады. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынғаннан кейін болған, жазды qandastar.kz
Қайғылы жағдай Ковалевская көшесіндегі пәтерде тіркелді. Таңертең бала мен 46 жастағы анасының арасында жанжал шыққан. Сол кезде жасөспірім пышақ алып, анасына бірнеше рет соққы жасаған.
Қылмыс ізін жасырмақ болған ол пәтерді өртеп жіберген. Жасөспірім өз әрекетін мойындады. Оқиғаға байланысты Тергеу комитеті тексеріс жүргізіп жатыр.



