Шоу бизнес

«Сол үшін ренжимін»: «Қойшы бала» алғаш рет Жігер Ауыпбаев туралы ашық айтты

Елге «Қойшы бала» лақап атымен таныс жас орындаушы Айдос Кәден алғаш рет продюсері болған әнші Жігер Ауыпбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазады qandastar.kz.

«Қойшы баланың» айтуынша, олардың арасындағы жағдайдың ушығуына тек жеке реніш емес, басқалардың да араласуы да себеп болған.

«Мен негізі кешіре алмайтын, кек сақтайтын адам емеспін. Жігер ағаның да жаман ниеті жоқ екенін білемін. Бірақ ол кісіден алыстауыма азғырғандар көп болды. Онысын ашып айтпай-ақ қояйын арасында өнердегі адамдар да, өз туыстарым да бар. Туыстарымнан бөлек, от салып, араға іріткі түсіргендер жетерлік. Бұрын ондай сынақтан өтіп көрмеппін, бірінші рет сүріндім. Сол үшін өзіме ренжимін», – деді ол Massaget.kz түсіретін Kezdesu YouTube жобасына берген сұхбатында.

Жас орындаушыға қойылған «Егер қатеңді түсінсең, неге қайта Жігер Ауыпбаевқа бармадың?» деген сұрақ та жауапсыз қалмады.

«Ол сұрақты өзіме де жиі қоямын. Неге екенін түсінбеймін. Қазір де ол кісі ренжулі шығар… Бірақ бара алмаймын. Ниеттенемін, соған жүрегім бармайды. Бұл Жігер ағайды жек көргеннен емес», – деп түсіндірді Айдос.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button