ЖаңалықтарСпорт

46 жасында өмірден өткен: Шерхан Калмұрзаның бапкері туралы қаралы хабар

«Қайрат» футбол клубы академияның жетекшісі және Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекердің қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.

2025 жылғы 1 желтоқсан күні клубтың баспасөз қызметі 46 жасында өмірден озған маман туралы ресми ақпарат таратты. Оның кенеттен қайтыс болуына қатысты нақты себептер әзірге жарияланған жоқ.

«Бүгін 46 жасында “Қайрат” ФК академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер өмірден өтті. Бұл – клуб үшін орны толмас ауыр қаза. Ол он жылдан астам уақыт бойы “Қайрат” жүйесінің маңызды бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға үлес қосқан тұлғалардың бірі еді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Кирилл Кекер «Қайрат» клубы жүйесінде 2016 жылдан бастап әртүрлі лауазымда жұмыс істеген.
2021-2024 жылдар аралығында ол бірнеше рет клубтың негізгі командасын уақытша немесе толыққанды бас бапкер ретінде басқарған.

2024 жылы Кекер шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері қызметін атқарды.
Ал 2025 жылдың басында ол Қазақстан жасөспірімдер құрамасы – U-19 командасын тізгіндеді.

Кирилл Кекердің жетекшілігімен Қазақстан U-19 құрамасы 2024 жылдың қараша айында ел тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шықты.

Бұл жетістікке үлес қосқан жас ойыншылардың бірі – қазақстандық жанкүйерлер арасында аса танымал қақпашы, Кирилл Кекердің шәкірті Шерхан Калмұрза. Ол әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны бойынша еліміздегі ең танымал футболшы болып табылады.

Бұған қоса, «Қайрат» академиясының тағы бір түлегі, 17 жастағы вингер Дастан Сатпаев 2008 жылы туған жас футболшылар арасындағы әлемнің үздік ойыншылары тізіміне енген болатын. Бұл да Кирилл Кекердің еңбегі мен оның шәкірттерге жасаған ықпалының айғағы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button