Қайрат Нұртастың әйелі бес жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып келгенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, оның екі жылында жаңа үйге көшуді армандаған.
«Бес жылға жуық жалдамалы пәтерде тұрдық. Оның екі жылы жаңа үйге көшеміз деген қуанышты күндер болса, ал қалған үш жыл «не істеймін, енді қайттым» деген күй кештім. Оңай болды деп айта алмаймын», — деді актриса.
Жұлдыздың айтуынша, бір қиындықтың артында бір жақсылық жасырынатыны анық.
«Сансыз шүкір! Жаңа пәтерге қоныс аудару осы уақытқа бұйырыпты. Бұл қуанышымды өздеріңізбен қалай бөліспеймін?! Оның үстіне, қазақылықта ырым деген бар. Әр оқырманыма осындай керемет жаңа үй жұғысты болсым дегім келеді», — деді ол.
Желі қолданушылары екі тарапқа бөлінді. Бірі актрисаның қуанышына ортақтасып жатса, екіншілері таңқалысын жасырмады.
«Қалай бес жыл жалдамалы пәтерге тұрған?» «Масқара, легенданың балалары жалдама пәтерде тұрған ба?» — деп жазды олар.



