Жаңалықтар

«Ауру бала зинақордан пайда болады»: Ерекше балаларды қорлаған блогер сынға қалды

Қазақстандық блогер gulnara.blogger әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін даудың ортасында қалды. Роликте ол балалардың мүгедектігін, аутизмді және онкологиялық ауруларды «табиғаттың жазасымен» байланыстыратынын айтқан, деп жазады qandastar.kz.

ZTB News парақшасында жарияланған видеода блогер псевдомедициналық және діни сипаттағы бірқатар негізсіз тұжырымдар жасайды. Ол «аурулар зинақорлықтан пайда болады» және «ерекше балалардың дүниеге келуі —  жаза» деген пікір білдірген. Дәлел ретінде өзіндік мысалдар, таныстары туралы әңгімелер және дерекке сүйенбейтін, дін мәтіндерін өз қалауынша түсіндіру әрекеттерін келтірген.

Желі қолданушылары мұндай мәлімдемелерді сынға алды. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары блогердің сөзін қауіпті деп атады. Көпшілік мұндай ақпарат қоғамды адастырып, стигманы күшейтетінін айтып, блогерді жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button