
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Ангелина Лукас танзаниялық Эгине Каянгемен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды qandastar.kz Tengri Sport-қа сайтына сілтеме жасап.
Fightgecko Combat Series промоушені 3 желтоқсан күні Дубайда (БАӘ) өтетін турнирді ресми түрде жариялады. Осы кеште Әлем чемпионы Ангелина Лукас рингке шығып, Танзания боксшысы Эгине Каянгемен кездеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«>
Еске сала кетейік, Ангелина Лукас соңғы кездесуін 2025 жылғы 14 қараша күні Каирде (Мысыр) өткізген болатын.
Америкалық Кэтрин Рене Линденмутқа қарсы өткен бұл жекпе-жек судьялардың шешімімен Лукастың жеңілісімен аяқталған еді. Алайда, кейінірек Ангелина әлеуметтік желілерде бұл нәтиженің күшін жойғанын хабарлады. Себебі қарсыласы допинг-бақылаудан өтуден бас тартқан.
Осыдан кейін BoxRec порталы да жекпе-жектің нәтижесін өзгертті. Нәтижесінде бұл жеңіліс ресми түрде есептен алынып, спортшының статистикасында әлі де бір ғана ресми жеңіліс көрсетілген.



