Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

КТК телеарнасын Турлов сатып алмақшы ма?

Журналист Диас Нұрақын «КТК» телеарнасы  сатылмайтынын айтты, деп жазады qandastar.kz

«Бұл туралы арнаның бас акционері бүгінгі жиналыста ресми мәлімдеп, ел арасында тарап кеткен түрлі қауесеттерге нақты жауап берді. Соңғы уақытта қоғамда «КТК»-ны сатып алыпты, тартып алыпты, Президент телерадиокешеніне қосылады, мемлекеттік каналға айналады, тіпті Тимур Турлов сатып алады деген ақпараттар кең тараған болатын. «Алайда директорлар кеңесінің төрағасы Әлкей Марғұланұлы бұл сөздердің барлығы жалған екенін ашық айтты», — деп жазды журналист. 

Сонымен бірге ол медианарықтағы жағдайдың қиындап бара жатқанын, жарнама кірісі азайғандықтан арнаның үнем режиміне көшкенін жеткізді.

«Оптимизация» сөзі журналистердің ең ауыр тұсына тиіп, индексация немесе жалақы өсімі жайлы жақсы жаңалық күткен қызметкерлер үшін көңіл көншітпеді. Дегенмен, жиналыста бір жағымды жаңалық та айтылды, қызметкерлерге 13-ші жалақы берілетіні расталды», — деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button