Қазақстандық жас актриса Ариан Худаштиан түсірілім алаңында айтқан «300 мың теңгеге сүйісемін» деген сөзі үшін әлеуметтік желіде сынның астында қалды, деп жазды qandastar.kz
Актриса бұл жағдайға қатысты жеке парақшасында түсініктеме берді. Оның айтуынша, сүйісу эпизоды бастапқы келісімде болмаған, ал оны түсірілім басталғаннан кейін ғана хабарлаған.
«Фильм түсірілімінің ортасында маған сүйісу сахнасы қосылатынын айтты. Ал басында ондай келісім болмаған. Сондықтан ондай сахна болса, 300 мың теңге гонорар төлеуді сұрадым. Ақыры шығармашылық топпен бірге шешімге келдік, ол сахнаны алып тастады», — деді Худаштиан.
Актрисаның айтуынша, осы сөзінен кейін желі қолданушылары қатты сын айтып, тіпті ауыр сөйлеген.
«Желіде мені «жеді». «500 мың берсе, не істей аласың?» деп жазды. Тіпті өлім тілегендер болды. Түсірілімнің айналасында мұндай жағдайлар болып тұрады», — деді ол.



