Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Әскерден «жынды» болып оралған сарбаз сексуалдық қорлық көргенін айтты

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде 7 ай қызмет еткен сарбаз Сұлтан Шынтеміров «психикалық ауытқуы бар» деген диагнозбен есепке қойылып, үйіне жіберілді, деп жазды qandastar.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Сарбаздың анасы ұлының әскерде ауыр психологиялық қысым мен зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, әділдік талап етуде.

«Мүшесін шығарып, сор деді. Мен шыдай алмай, қолымды кестім», – дейді сарбаз.

Анасының сөзінше, қазір ұлы жиі есінен танып қала береді.

«Мен ұлымды қорлауға немесе оған зиян тигізуге ешкімнің өші бар деп ойламаймын. Қазір ол науқас болып келді. Біз балаларымызды әскерге отан қорғауға жібердік қой», – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button