Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұлдың туған ауылына барғаны белгілі болды, деп жазады qandastar.kz.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында:
«Ауыл – әрбір қазақтың рухын көтеріп, күш-қуат беретін қасиетті орын», – деп бөлісті.
Динара Сәтжан Сарыағаш ауданына қарасты Сіргелі ауылында жүр. Журналист жұбайы Жұмабектің суретін ерекше форматта жариялап, оған ресейлік әнші Наталидің
«О, Боже, какой мужчина» әнін қойып сторис салған.
Желі қолданушылары тележүргізушінің келін ретіндегі болмысына тамсанғандарын жазып, түрлі жылы пікір қалдыруда.




