Алматыда 2007 жылы туған Анелям есімді қыз IT компаниясына жұмысқа орналасар кезде қысым көргенін мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz typicalkaz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Қыздың айтуынша, компания өкілдері оған хатшы қызметіне орналасу үшін «интимдік шарт» қойған. Ол келісуге мәжбүр болғанын айтады. Бұдан кейін, оның сөзінше, жұмыста компанияның басқа қызметкерімен де жақындыққа итермелеп, бәрін жасырын видеоға түсірген.
Анелям бұл жағдайды сол ер адамдардың бірінің жарына айтқаннан кейін белгісіз адамдардан қорқыту хабарламалары келе бастаған. Оның айтуынша, видеоларды көргендер «бәрін ойдан шығарды» деп жария түрде кешірім сұрауды талап етіп отыр.
Қазір ол адвокат көмегіне жүгініп, құқық қорғау органдарына арыз дайындап жатыр. Заңгерлердің айтуынша, бұл оқиғада бірнеше бапқа сәйкес келуі мүмкін әрекеттер бар: қысым көрсету, мәжбүрлеу, қорқыту.
Анелям өз жағдайын жария ету арқылы басқаларды сақ болуға, сондай жағдайға тап болса үндемей қалмауға шақырды. Ресми органдар әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.



