Шоу бизнес

Айқын Төлепберген халықтан сүйінші сұрады

Әлеуметтік желіде танымал әнші Айқын Төлепберген қызды болғанын жариялап, жұрттан сүйінші сұрады, деп жазады qandastar.kz.

«Бүгін 01.12.2025 жыл. Нұртан Ару Айқынқызы өмірге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс! Мен сені жақсы көремін!», – деп бөлісті әнші.

Жазба жарияланған соң, өнердегі әріптестері де, желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жолдады.

Айта кетейік, Айқынның бірінші некесінен екі баласы бар. Жаңа туған нәресте әнші мен Жұлдыз Өмірғалидің үшінші баласы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button