ЖаңалықтарШоу бизнес

«Ең бастысы эмоция ғой»: Тұрсынбек Қабатов жас әншілерге ақылын айтты (ВИДЕО)

Орал қаласының «U-Shu» атты музыкалық тобы танымал жерлесінен өте бағалы сыйлық алғандарын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Тұрсынбек ағамыз батасын беріп, ақылын айтып, өз әнін сыйға тартты. Абыроймен айтып шығу бұйырсын», — деп жазды әншілер.

Танымал әзілкеш жас өнерпаздармен жүздесіп, ағалық ақылымен де бөлісті.

«Астанада, Алматыда жүргенде кілең оралдықтар жиналып қалғанда осы әнімсіз кеш өтпейді. Кез келген жерде туған жердің әні… Жігерленіп кәдімгідей…», — деп Тұрсынбек Қабатов топ мүшелеріне шабыт берді.

Желі қолданушылары танымал әзілкештің жеке өміріне араласпай, өнерін ғана құрметтеу керек екенін жазып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button