Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі, Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жаға пентхауысын көрсетті. Әлеуметтік желіде оның шамамен бағасын жазды, деп жазады qandastar.kz.
Актриса өзінің алған су жаңа пәтерінің жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Желі қолданушылары үй шамамен – 600 мың доллар тұрады деп болжады.
«5 жыл жалдамалы пәтерде тұрдық. Оның 2 жылы жаңа үйге көшеміз деген үмітпен өтті. Қалған 3 жыл «енді не істеймін, қайда барамын, қалай болмақ» деген уайыммен өтті. Аллаға шүкір. Әр қиындықтың артында бір жақсылығы болады екен. Өзіміздің жаңа үйімізге көштік. Сіздерге ақшалай шашуымды шашамын», — деді Жұлдыз.
Алайда желі қолданушылары Қайрат Нұртаст емес, Жұлдыз өзінің ақшасы алған деп тон пішті.
«Қайрат емес, Жұлдыз өз ақшасына алған ғой», «Неге үйі болмаған? Бұл үйді Жұлдыз өзі алды», «Жалдамалы пәтері несі?», «Жұлдыз үйде отырса несімен салады,сондай күйеуін алдап ұстаса болады ғой», «4 баласын пәтерде қаңғытып өзі шалқып жүр ме сонда», «Бұл түк көрмеген надандардың әрекеті деп ойлаймын», — деп жазды оқырмандар.
@aiko.tkk♬ оригинальный звук — SABINA



