Қазақстанда электр энергиясына тарифтер 2026 жылдан бастап жеті жылға — 2032 жылға дейін өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Энергетика министрлігі әзірлеген “Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы” бұйрық жобасында көрсетілген, деп жазылған qandastar.kz
Құжатқа сәйкес, 2026-2032 жылдарға арналған тарифтер 2025 жылғы деңгейде сақталады. Министрлік мұндай шешім елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын хабарлады. Бұл — 2025 жылғы 8 қазанда өткен кеңес қорытындысы бойынша президент берген тапсырма.
Жаңа тарифтер 2026 жылдың басынан бастап күшіне енеді.
Бұйрық жобасы 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға “Ашық НҚА” порталында жарияланған.



