ҚР азаматтығын алу

Оралмандардың құқықтары мен міндеттері

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері келесіге құқылы: Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері; қолдағы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегінің сқазақ тілінде дұрыстап жазылуы; заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру. қызметтік немесе жеке тұрғын үй болмаған жағдайда оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында уақытша бір жылдан аспайтын мерзімге тіркеуге тұру. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің міндеттері: Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру туралы олардың өтініштерін қарау және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қажетті шынайы мәліметтер ұсыну; денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өту, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындау; оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарына жолдама алған кезде онда үш күнтізбелік күнге көшуге және көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босату; уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтау. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы Оралман мәртебесi келесі жағдайларда тоқтатылады: оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн; Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда; оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close