Threads желісінде бұрынғы жігітінің қызға көрсеткен қорлығы талқыланып жатыр, деп жазады qandastar.kz jagdaikz парақшасына сілтеме жасап.
Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, жігіт кездесуге шақырып, қызға телефонын беруін талап еткен. Қыз бас тартқаннан кейін, әпкесінің мәліметінше, жігіт оны тұншықтыра бастаған, шашынан сүйреп, көлікке басын соққан.
Күдікті Алматыдағы ІІМ Академиясында оқиды және бұған дейін де агрессия белгілерін көрсеткен көрінеді. Отбасы фото және видеоайғақтары бар екенін айтып, ресми түрде арыз түсіруге ниетті екенін жеткізген.



