Жаңалықтар

Жаңаөзенде құрылыс компаниясы елді алдап-соғып, 303 млн теңге пайда тапқан

«Өзен көлік құрастыру зауыты» ЖШС басшылығы Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» деп аталатын тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз жүргізгені анықталды, деп жазады qandastar.kz сайты Sputnik_aitady Telegram арнасына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде компанияның құрылысқа қажетті құжаттарды мүлде рәсімдемегені белгілі болды. Яғни, нысанда рұқсат беру актілері, жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама, сондай-ақ авторлық қадағалау болмаған.

Құрылыс компаниясы халықты алдау үшін пәтерлерді нарықтағы бағадан төмен бағада сатамыз деп жарнамалаған. Осылайша, 23 азаматпен жалған алдын ала сатып алу-сату келісімшарттары жасалып, 303 миллион теңгенің қаражаты заңсыз жиналған.

Тартылған қаражат компания басшылығының жеке қажеттіліктеріне жұмсалса, ұрғын үй құрылысы мүлде аяқталмаған.

Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button