Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Белсенді «ерекше» балалар зинақорлардан туады» деген блогерді қатаң жазалауды сұрады

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook желісіндегі парақшасында резонанс тудырған іс бойынша өз көзқарасын білдіріп, құқық қорғау органдарының әрекетін сынға алды, деп жазады qandastar.kz.

Оның айтуынша, елде жиі қолданылатын ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («ұсақ бұзақылық») бұл жағдайда дұрыс таңдалмаған.

Сәрсенбаевтың пікірінше, аталған бап қоғамдық орындардағы әрекеттерге қатысты қолданылады, ал даулы жазбалар әлеуметтік желіде жарияланғандықтан, мұндай квалификацияны кез келген адвокат апелляцияда жоққа шығара алады. Ол бұл баптың соңғы уақытта «әмбебап қысым құралына» айналып кеткенін де атап өтті.

Сонымен қатар ол «ерекше» балалар зинақорлардан туады» деген блогерді  қатаң жауапкершілікке тартуға болар еді деп есептейді.

«Егер «ерекше» балалардың ата-аналарын біріктіретін ресми ұйымдар шағым түсірсе, азаматтық немесе қылмыстық іс қозғауға құқықтық негіздер табылар еді», — деді белсенді.

Сәрсенбаев құқық қорғау органдары ҚР ҚК 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша да іс қозғауды қарастыруы мүмкін болғанын айтты. Оның пікірінше, әлеуметтік желідегі жазбалар «ерекше» балалардың ата-аналарын кемсітіп, қоғамның үлкен бөлігін ренжіткен.

Блогер құқық қорғау және сот органдары нақты жағдайларда әлсіз жұмыс істейді деп сынады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button