Қазақстандық спортшы Ангелина Лукас пен Танзаниялық боксшы Эгине Каянге арасындағы бетпе-бет кездесу барысында кикілжің туындады, деп жазады qandastar.kz.
Fightgecko Combat Series ұйымдастырушылары Дубайда өтетін жекпе-жекті жақында ресми түрде жариялаған еді.
Ұйымдастырушылардың және Ангелинаның Instagram парақшаларында жарияланған видеода беттесудің қалай өткенін көруге болады.
Кадрларда қос спортшы бір-біріне сөз қатып, жағдай шиеленісе түскен сәтте Ангелина қарсыласына қарай ұмтылғаны байқалады. Жанындағы бірнеше адам оны дер кезінде тоқтатып үлгерген. Залдағы көрермендер күтпеген қақтығысқа қуана айқайлап, қызу қолдау көрсетті.
Екі боксшы арасындағы негізгі жекпе-жек бүгін өтеді.



