Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың өнердегі еңбегі халық әншісі атағына лайық деп есептейтінін меңзеп, жұрт назарын өзіне аударды, деп жазады qandastar.kz.
Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына әнші Нұрлан Еспановтың Қайрат жайлы жылы пікірін жариялап, оған алғыс білдірген.
«Қайратты мойындап, бағасын бере білу — үлкен ерлік. Нұрлан інім ашық мінезді, жүрегі кең, ойын бүкпей айта салатын жан. Ешкімге зияны жоқ, ешкімді ренжітпейді, өмірді өз киносы секілді жарқын өткізетін адам. Алла бақ берсін саған, асыл бауырым!», — деп жазды продюсер.
Әлеуметтік желідегі қолданушылар продюсердің бұл жазбасын Қайрат Нұртасты «халық әртісі» немесе «халық әншісі» атағына ұсынуға жасалған қадам деп болжады.



