Ақтөбеде 16 жастағы Ислам Тореғали 30 қарашада үйден шығып, досына көмектесу үшін «Ернұр» моншасына баратынын айтқан. Алайда үйге оралмағаннан кейін ол із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізілді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Intagram желісіндегі kazpress.qaz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірімнің денесін құтқарушылар Ілек өзенінен тапты. Өзен моншадан бірнеше аялдама қашықтықта орналасқан. Іздеу кезінде оның және 27 жастағы тағы бір ер адамның телефондары жағадан табылған.
Екі адамның денесі түрлі күндері – 1 және 2 желтоқсанда өзеннен шығарыла отырып, өңірлік полиция олардың денелерінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын хабарлады.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



