Өзбекстанда достар арасында болған пранк жоспардағыдай аяқталмай, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі qaimaq.media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір топ жас жігіт достарының басына мүйіз жабыстырып, әзіл жасағысы келген. Олар бұл әрекет қауіпсіз болады деп ойлаған.
Алайда қолданған желім аса қатты болып шығып, мүйіздерді жұлып алу мүмкін болмаған. Жігіт қатты ашуланып, жағдай қыза түскен.
Оқиға түсірілген видео желіде тез тарап, миллиондаған қаралым жинады. Пайдаланушылар пранктың мұндай сәтсіз финалын күтпегендерін жазуда.



