Жаңалықтар

Ниқаб кигендерге 10 АЕК айыппұл: жаңа Заң ресми мақұлданды

Мәжілісі қоғамдық орындарда бетті толық жауып, адамды тануға кедергі келтіретін киімді (ниқаб) киюге қатысты әкімшілік жаза енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп жазады qandastar.kz сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Құқықбұзушылық алдын алу туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдаған. Жаңадан қабылданған құжатқа сәйкес құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, алдын алу субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артып отыр.

Ниқабқа қатысты қандай жаза енгізіледі?

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, қоғамдық орындарда бетті толық жауып, тануға кедергі келтіретін киім кигендерге алдымен ескерту жасалады, егер ереже қайта бұзылса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл нормалар азаматтардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп және құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдету мақсатында енгізіліп отыр.

Бұдан бөлек, қандай жауапкершілік қарастырылған?

Жаңа заңға қайшы контентті жариялаған және таратқан тұлғаларға, мемлекеттік органдардың құқықбұзушылық себептерін жою туралы нұсқауларын орындамағандарға жауапкершілік жүктеледі. Сондай-ақ, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз ететін азаматтық қорғаныс шараларын орындамаған үшін мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылатын болады. Мұндай тұлғаларды енді Төтенше жағдайлар министрлігі де жауапкершілікке шақыра алады.

Ниқаб – кейбір мұсылман әйелдердің бетін бүркеп, тек көзі ғана көрісететін жамылғы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button