Шоу бизнес

«Не керек ән айтып сендерге, қор қылып»: Кайрат Нуртас пен Нурболат Абдуллиннің жаңа дуэті сынға қалды

Белгілі қазақстандық әншілер Кайрат Нуртас пен Нурболат Абдуллин жақында тыңдарманға жаңа дуэтін ұсынды, деп жазады qandastar.kz.

«Қалауың болсын» деп аталатын туынды жарық көрген сәттен-ақ әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды. Бірі қос өнерпаздың тандемін қолдап, жаңа әнді жылы қабылдаса, енді бірі олардың орындау шеберлігін сынның астына алды.

Пікір қалдырғандардың бір бөлігі дуэттің дыбысы табиғилықтан алшақ екенін айтып, орындау сапасына наразылық білдірді.

«Мына дауыстарыңды сырттан естідіңдер ме өздерің? Тақпаққа бір дауысты қосып айта салған секілдісіңдер. Не керек ән айтып сендерге, босқа әнді қор қылып біттіңдер. Басқа салаға барып жұмыс жасаңдаршы, өтініш, тепсе темір үзетін жігітсіңдер! Әнші емессіңдер, шынайы дауысы бар әншілерге жол ашыңдар», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір топ тыңдарман дуэттің Сырымның соңғы хитінен төмен екенін атап өтті:

«Екеуі жабылып Сырымның жаңа хитіне жете алмапты!»

Бұдан бөлек, клиптегі актрисаға қатысты да пікірлер айтылды:

«Актриса қыз Амилайға ұқсап кеткен бе қалай өзі?» – деген пікірлер де кездесті.

Соған қарамастан, Кайрат Нуртас пен Нурболат Абдуллиннің жаңа жұмысына жылы пікір қалдырған жанкүйерлер де аз емес. Олар қос әншінің шығармашылық ізденісін қолдап, жаңа дуэттің тыңдарман жүрегінен өз орнын табатынына сенім білдірді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button